Астана мен Шымкент қалаларында UEFA C жаттықтырушы лицензиясына арналған курстың қорытынды модульдері өтуде

Астана мен Шымкент қалаларында UEFA C жаттықтырушы лицензиясына арналған курстың қорытынды модульдері өтуде

17 сәуір 2026, 15:15
Астана мен Шымкентте Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырған UEFA C жаттықтырушы лицензиясын алуға арналған курстың алтыншы модулі өтіп жатыр.

Алғашқы топ Шымкент қаласында оқуын аяқтады, ал 17–19 сәуірде модуль Астанада ҚФФ «Футбол үйі» базасында өтіп жатыр. Бұл кезең бастапқы деңгейдегі жаттықтырушыларды даярлау бағдарламасының қорытындысы модулі.

Модульдің негізгі тақырыбы – шабуыл мен қорғаныста шағын топтардағы техникалық-тактикалық өзара әрекет. Қатысушылар 2v2, 3v3 және 4v4 форматтарында ойын қағидаларын пысықтап, шектеулі кеңістік пен уақыт жағдайында шешім қабылдау және өзара әрекет дағдыларын жетілдіруде.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар қорытынды емтихан тапсырады. Ол теориялық және практикалық тапсырмаларды қорғауды, сондай-ақ қорытынды жаттығу сабағын өткізуді қамтиды. Аттестация нәтижесі бойынша сәтті өткен үміткерлерге балалар мен жасөспірімдер командаларымен жұмыс істеуге құқық беретін UEFA C лицензиясы табысталады.

Курс УЕФА стандарттарына сәйкес жүзеге асырылып, Қазақстандағы жаттықтырушыларды даярлау жүйесін дамытуға бағытталған.

Бөлісу
Жоғары