Отандық бес клуб УЕФА-ның 2026/27 маусымдағы турнирлеріне қатысуға лицензия алды

Отандық бес клуб УЕФА-ның 2026/27 маусымдағы турнирлеріне қатысуға лицензия алды

17 сәуір 2026, 16:10
2026 жылғы 17 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының клубтарды лицензиялау жөніндегі комиссия отырысында УЕФА-ның 2026/2027 маусымындағы клубтық турнирлерге қатысуға лицензия беру туралы шешімдер қабылданды.

Ерлер командалары арасында УЕФА жарыстарына қатысу лицензиялары 2025 жылғы Қазақстан чемпионатының спорттық нәтижелері негізінде, сондай-ақ УЕФА клубтарды лицензиялау регламентінің талаптарына сәйкестігіне қарай берілді. Еурокубоктарға қатысу құқығына «Қайрат» (Алматы), «Астана» (Астана), «Елімай» (Семей) және «Тобыл» (Қостанай) футбол клубтары ие болды.

Сонымен қатар, 2025 жылғы Қазақстан әйелдер чемпионатының қорытындысымен және УЕФА регламентінің барлық талабын орындаған жағдайда «Ақтөбе» (Ақтөбе) әйелдер командасына 2026/2027 маусымындағы әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысу лицензиясы берілді.

Бөлісу
Жоғары