Шымкентте UEFA PRO лицензиясына оқытудың 7-модулі басталды

Шымкентте UEFA PRO лицензиясына оқытудың 7-модулі басталды

20 сәуір 2026, 14:50
Модуль жоғары білікті жаттықтырушыларды даярлау бағдарламасының бір бөлігі саналады және элиталық деңгейде жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Оқытуда шабуыл әрекеттерін ұйымдастыру тәсілі, тактикалық периодизация, жарыс кезеңіндегі апталық микроциклді жоспарлау, сондай-ақ физикалық дайындықтың жаттығу үдерісіндегі техникалық-тактикалық мазмұнмен өзара байланысы талқыланады.

Сондай-ақ жаттықтырушы қызметіндегі психологиялық аспектілерге, көшбасшылық пен ойыншыларды мотивациялау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары