СТАНИМИР СТОИЛОВ: «ӘЗІРБАЙЖАНМЕН ОЙЫНДА АЛДЫН АЛА ӘЗІРЛЕНГЕН ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАРДЫ ҚОЛДАНАМЫЗ»
– Әзірбайжанмен ойын алдында құрамада жарақат алған ойыншылар бар. Станислав Лунин. Сонымен қатар, Еркебұлан Сейдахмет те нағыз бабына енген жоқ. Қалған футболшылардың дені сау. Жиын басталғаннан физикалық және психологиялық дайындықтарға мән бердік. Сонымен қатар, алдын ала бірнеше тактикалық дайындықтар әзірледік. Ертеңгі ойында қолданамыз. Әзірбайжанға қарсы жақсы ойын көрсетеміз деп үміттенемін.
– Қазақстан мен Әзірбайжан жастар құрамаларының ойынын қалай бағалайсыз? Ұлттық құрамаға үміткерлер бар ма?
– Ойын тартысты болды. Басқа ештеңе айтпаймын. Толық пікір қалдыратын өздерінің бапкерлері бар. Біздің жастардың ішінде жақсы ойыншыларды көріп жүрмін. Алайда, оларға еліміздің басты құрамасының деңгейіне сай болуы үшін көп жұмыс істеу қажет. Жас футболшыларды әрдайым қолдау керек. Өйткені, Қазақстан Ұлттық құрамасының тізіміне ілігу үшін ұзақ жол жүрулері тиіс.
– Ертеңгі ойынның маңыздылығы қандай?
– Мен үшін ең бастысы команданың ойынды ұйымдастыруы, допты бақылауға алуы. Сонымен қатар, шабуыл мен қорғаныста тең ойын көрсету. Кез келген бапкер шабуылда ойнауды қалайды. Алайда, теңдік сақтау керек екенін түсінеміз. Шабуылда да, қорғаныста да жақсы ойын көрсеткен абзал. Қарсыластың мықты тұстарын тоқтату үшін қорғанысқа да назар аударуы маңызды. Әзірбайжанның соңғы ойындарын қарап, ақылды, сенімді әрі комбинациялық футбол ойнайтынын түсіндік.
– Біздің құраманың шабуыл шебінде шешілмеген түйткілдер бар. Ол туралы барлығы айтып жүр. Осы мәселені қалай шешуге болады?
– Біздің құраманың көптеген мәселелері бар. Соның бірі – шабуылшы. Өкінішке қарай, қазақстандық клубтар жаңа шабуылшыны дайындамайды. Сол себепті бар футболшылардың ішінен таңдап аламыз. Біздің шабуылдағы ойыншыларға үлкен сенім мен спорттық ашу керек.