Төрешілер комитетінің шұғыл отырысы өтті
Жиында 23 маусым күні Қостанай қаласында өткен Премьер-лига клубтары арасында Қазақстан Чемпионатының 15 турындағы «Тобыл» мен «Ақтөбе» ойынындағы төрешілер жұмысының сапасы қаралды.
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілер комитетінің мүшелері Премьер-лига матчында қате шешім шығарып, Премьер-лига төрешілеріне қойылатын кәсіби талапты төмендеткені үшін, сонымен қатар, жіберілген қателіктер жоғарыда аталған ойынның нәтижесіне әсер еткені үшін бас төреші Игорь Алешинді (Павлодар) маусым соңына дейін қызметінен шеттеу жөніндегі шешімді бірауыздан қабылдады.
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілер комитетінің мүшелеріне төрешілермен профилактикалық жұмысты тұрақты жүргізу, барлық деңгейдегі жарыстарда төрешілердің спортқа жат құбылыстарын анықтау мен қателіктерге жол бермеу жұмыстарын күшейту тапсырылды.