Азамат Айтқожин: «Тобыл» - «Астана» матчында қызмет атқарған төрешілер тобына төрешілер комитеті баға береді»
- Бүгін Төрешілер комитетінің отырысы өтеді. Жиында Данияр Сахи бастаған төрешілер тобының қызметі сараланып, қорытынды шығарылады. Төрешілердің жұмысында біржақты шешім қабылдағаны байқалатын болса, онда айыптылар жазаланады. Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті «Тобыл» - «Астана» матчының қатысушыларының тәртібін қарап, шешім шығарады. Олардың да кінәсі болған жағдайда санкция қолдануы мүмкін.
Өткен ойындардың негізгі сәттері Қазақстан футбол федерациясының Әдеп комитетінің алдағы отырысында да қаралады.
Қазақстан футбол федерациясы комиттерінің жұмысы мачтардың мәртебесіне қарамастан үзіліссіз қызмет атқарып келеді. Сол себепті футбол клубтарының мұндай сәттерді медиа-кеңістікке шығарып, қоғамды дүрліктірудің қажеті жоқ деп санаймын, - деді Азамат Серікұлы.