«Ордабасы» отандық клубтарды қолдады

«Ордабасы» отандық клубтарды қолдады

19 шілде 2018, 11:06
«Ордабасы» футбол клубы Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының бастамасын жалғастырып, елорданың 20-жылдығы мен еурокубок маусымында ел намысын қорғап жатқан командалардың құрметіне арнап, «Президенттік жүгіру» бұқаралық шарасына қатысты.

Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда 2,5 шақырымға жүгіргендердің арасында клуб президенті Бақтияр Байсейітов, клуб әкімшілігі, жаттықтырушылар, сонымен қатар, «Ордабасы» футбол орталығының тәрбиеленушілері болды.

«Ордабасы» ФК президенті Бақтияр Байсейітов:

- «Президенттік жүгіру» акциясына қолдау білдіреміз. Елорданың 20 жылдығына арналған бастама. Сондай-ақ, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасына қатысып жатқан командаларға оң нәтиже тілейміз. Барлық шараға қатысушыларды құттықтаймын! Алға, Қазақстан! Вперед, футбол!

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары