Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасының матчтарында қызмет атқарды

Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасының матчтарында қызмет атқарды

01 тамыз 2018, 15:28
Қазақстандық төрешілер УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің төрт матчында қызмет атқарды.

12 шілде күні қызылордалық Данияр Сахи бастаған төрешілер тобы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Транс Нарва» (Эстония) - «Железничар» (Босния және Герцеговина)  ойынына қазылық етті. Бас төрешіге қос қапталдан Сергей Калачев (Атырау) пен Сергей Васютин (Алматы) көмектесті. Төртінші төреші - Григорий Московченко (Павлодар). Кездесуде «Железничар» 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Бас төреші Александр Алиев (Алматы), оның көмекшілері Александр Павлов (Алматы) пен Юрий Тихонюк (Ақтөбе) және қосалқы төреші Артем Кучин (Қарағанды) 19 шілде күні «Виторул» (Румыния) - «Расинг Юнион» (Люксембург) ойынында қызмет атқарды. Кездесуде румыниялық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Дәл осы күні шымкенттік төреші Фуркат Атажанов Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Рига» (Латвия) - ЦСКА (Болгария) жұбының қарымта кездесуіне жол тартты. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Бас төрешіге Евгений Бельский (Тараз) мен Айдын Тасыбаев (Павлодар), сонымен қатар, Арман Есмұратов (Астана) көмектесті.

Артем Кучин (Қарағанды) бастаған тағы бір топ 26 шілде күні Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Торпедо Кутаиси» (Грузия) - «Викингур» (Фарер аралдары) жұбының қарымта ойынында қазылық етті. Алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті. Артем Кучинге көмектесен төрешілер - Евгений Бельский (Тараз), Анатолий Ходин (Атырау) және Александр Алиев (Алматы). 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары