Жаттықтырушылардың «В» категориясына арналған дәрістің екінші модулі аяқталды

Жаттықтырушылардың «В» категориясына арналған дәрістің екінші модулі аяқталды

28 шілде 2018, 18:49
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығында УЕФА-ның «В» категориясына арналған дәрістің екінші модулі аяқталды. 

Тыңдаушыларға арналған дәріс 25-27 шілде аралығында Астанада өтті. Дәріс оқығандардың қатарында 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Иван Азовский, Техникалық орталықтың нұсқаушылары Станислав Погорелов пен Алексей Шапурин, сонымен қатар, Техникалық орталықтың кеңесшісі әрі УЕФА-ның бапкерлерге білім беру комиссиясының мүшесі Геннадий Скуртул болды.

Сондай-ақ, шараға Қазақстан футбол федерациясының тәлімгер-нұсқаушылары Вахид Масудов пен Константин Котов қатысты. 
 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары