Қазақстан футбол федерациясы Әділбек Жақсыбековті туған күнімен құттықтайды!

Қазақстан футбол федерациясы Әділбек Жақсыбековті туған күнімен құттықтайды!

26 шілде 2018, 00:00
Бүгін – Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбековтің туған күні.

2018 жылдың 10 ақпанында Әділбек Рыскелдіұлы Қазақстан футбол федерациясын басқарып, футболға қайта оралды. Жақсыбеков кандидатурасын футбол ардагерлері, мамандар, футбол клубтары мен аймақтық федерациялардың өкілдері бірауыздан қолдады.

2007-2014  жылдар аралығында Әділбек Жақсыбеков еліміздегі басты футбол органына жетекшілік етті. Сол жылдары оның бастамасымен еліміздің барлық өңірінде футбол орталықтары ашылып, мыңдаған бала сүйікті спортымен тегін шұғылдануға мүмкіндік алды. Кәсіпқой футболдың іргетасы әрі негізі саналатын балалар мен жасөспірімдер футболы бірте-бірте дамып келеді.

Әділбек Жақсыбеков басқарған жылдары кәсіпқой футбол алға үлкен қадам басты. Қазақстан Республикасы Чемпионаты мен Біріншілігінің бәсекелестігі артып, жанкүйерлер арасында қызығушылықты тудырды. Ел чемпионатының деңгейінің жоғарылағанын халықаралық турнирде сынға түсетін отандық футбол клубтарының нәтижелерінен байқауға болады. Соңғы жылдары біздің командалар еурокубок турнирінің топтық кезеңіне жиі қатыса бастады. Ал, өткен жылдың соңында «Астана» отандық футболдың тарихында алғаш рет Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты!

Қазақстандық футболшылардың еурокубок ойындарына жинаған тәжірибелерінің арқасында ұлттық құрама да күшейіп келеді. Еліміздің бас құрамасы аутсайдерлер қатарынан Еуропа футболының көшбасшыларымен талас жүргізетін мықты командалардың қатарына қосылды.

Қазақстан футбол федерациясы Президентінің арқасында еліміздің барлық өңірінде инфрақұрылым жақсарып, жаңа алаңдар мен манеждердің құрылысы бой көтерді. Стадиондар қайта құру жұмыстарын бастады.

Әділбек Жақсыбековтің зерделі басшылығының арқасында Қазақстандағы футбол тек алға жылжып, танымалдығын арттыра түсуде.

Қазақстан футбол федерациясы шын жүректен Әділбек Рыскелдіұлына зор денсаулық, отбасылық бақыт және Қазақ футболының даму жолында жаңа табыстар тілейді!

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары