Тәлімгер-нұсқаушыларға арналған дәрістің екінші модулі өтті

Тәлімгер-нұсқаушыларға арналған дәрістің екінші модулі өтті

25 шілде 2018, 18:51
24 шілде күні Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде тәлімгер-нұсқаушыларға арналған дәрістің екінші модулі өтті.

УЕФА жаттықтырушыларын дайындайтын тәлімгер-нұсқаушылар семинарға шақырылды. Олардың қатарына футбол орталықтарының жастарды дамыту бағдарламаларының жетекшілері, Премьер-лига командаларында тәжірибесі мол мамандар Вахид Масудов, Константин Котов, Иван Азовский, Эдуард Глазунов және Қайрат Әбдірахманов болды.

Шараның спикері - УЕФА-ның жаттықтырушыларға білім беру комиссиясының мүшесі, Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының кеңесшісі Геннадий Скуртул.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары