Орынбасар Дәуренбекова: «Жеңіске сенімді қадам бастық»
- «Үміт» турниріне қатысқанымыз үшін қуаныштымыз. Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан құрамалары лайықты қарсылық көрсетті. Қазақстан құрамасы Еуропа жарыстарына қатысады. Дегенмен, Орталық Азия елдерінде ұйымдастырылатын жарыстарда біз үшін маңызды. Жарысқа қатысқан қарсыластардың барлығы жақсы дайындықпен келген айта кеткен жөн. Турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған Қырғыз Республикасының футбол федерациясына үлкен алғыс білдіремін. Алғашқы күннен бастап ұйымдастырушылардың жарыстың көңілді өтуіне қаншалықты күш салғаны көрініп тұрды. Турнирде Қазақстандағы әйелдер футболының деңгейін көрсеткіміз келді. Ел намысын абыроймен қорғап, бірінші орынмен оралуды алға қойдық. Күннің ыстық болғанына қарамастан, біздің қыздар жоспарды орындады. Жеңіске сенімді қадам бастық.
- Турнирдің тәжірибе жинауға қаншалықты мүмкіндік береді?
- Халықаралық турнирлер әрқашан ойынды сырт көзбен қарауға мүмкіндік береді. Ойыншылардың әлсіз тұстары байқалады. Халықаралық тәжірибе кәсіби тұрғыда дамуға көмектеседі. Бәсекелестікті арттырады. Жарыс қазан айында Грекияда өтетін Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне дайындықтың бөлігі болды. Күзде Грекия, Швейцария және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнаймыз.
- Біздің команданың қатарынан қай ойыншыларды атап өтуге болады?
- Турнирде ерекше ойынымен көзге түскен Александра Бурова ең үздік қорғаушы атанды. Орталық жартылай қорғаушы Айя Шолақованың ойынында атап өтуге тұрарлық. Шабуылшы Елдана Әйтімбетова турнирдің үздік сұрмергені атанды.