Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролигадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролигадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

21 шілде 2018, 15:15
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының ойыншылары Молдова құрамасын 7:6 есебімен ұтты.

Мәскеуде басталған жағажай футболынан 2018 жылғы Еуролиганың алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Молдовамен кездесті. Тартысты өткен ойын 7:6 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Біздің құраманың қатарынан гол соққан футболшылар Дмитрий Перевертов (4 гол), Баянбек Муралинов (2) және Станислав Макагон.

Бүгін біздің комнада турнирдегі екінші ойынын Грекия құрамасымен өткізеді.

Молдова - Қазақстан - 6:7 (3:5)

Голдар: Капсамун (2), Павалаки, Чапанов (автогол), Скиопу, Кожокарь - Дмитрий Перевертов (4), Баянбек Муралинов (2), Станислав Макагон

Қазақстан құрамасы: Чорный (к), Гаврилов, Демешко, Скударнов, Муралинов, Перевертов, Чапанов, Тюльпа, Мақажанов, Макагон.

Төрешілер: Листратов, Иванов, Маттиколи.

20.07.18. Мәскеу. «Янтарь» стадионы.

 

Бөлісу
Жоғары