Көңіл айту

Көңіл айту

19 шілде 2018, 21:01
Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы отандық атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілінен бұрын қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады.

Денис Тен таланты мен табандылығының арқасында спортта ғажайып жетістіктерге жетіп, елімізді барша әлемге танытты. Ол кең пейілді, жастарға үлгі болған жан еді.

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Денистің туысқандары мен жақындарына, сонымен қатар барша отандастарымызға қайғырып, көңіл айтады. Оның есімі әрқашан біздің жүрегімізде қала бермек...

Премьер-лига және Бірінші лига командалары арасындағы чемпионат пен біріншіліктің келесі турының матчтары Денис Тенді еске алуға арналған бір минут үнсіздікпен басталады. 

Бөлісу
Жоғары