Қазақстан қыздары Қырғызстан құрамасын ірі есеппен ұтты

Қазақстан қыздары Қырғызстан құрамасын ірі есеппен ұтты

20 шілде 2018, 10:29
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы «Үміт» халықаралық турнирінде ірі жеңіске қол жеткізді.

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте өтіп жатқан «Үміт» халықаралық турнирінің екінші ойынында Қазақстан құрамасы алаң иелерімен кездесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Біздің команданың қатарында гол соққан футболшылар Александра Бурова, Елдана Әйтімбетова, Сабина Махаматова, Жансая Көпжанова, Алена Иванова. Ал қарсыластың сапынан Эльвира Термес қызы көзге түсті. Матчтың үздік ойыншысы атағына қорғаушы Александра Бурова лайық деп танылды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын сенбі, 21 шілде күні Тәжікстан қыздар құрамасына қарсы өткізеді.

Қырғызстан WU-17 - Қазақстан WU-17 - 1:5 (0:2)

Голдар: Термес қызы 90+1 - Бурова 6, Әйтімбетова 20, Махаматова 49, Көпжанова 74, Иванова 81

Қазақстан WU-17: Оразбекова, Мұқашова (Махаматова 13), Әйтімбетова (Жәкішева 37), Шолақова, Көпжанова, Л. Садықова (к) (Әбілғазиева 38, А. Шалмұқанбетова 46), Ташмет, Кенжетай, Ф. Исмаилова, Бурова, Иванова.

Аға жаттықтырушы - Орынбасар Дәуренбекова.

Бөлісу
Жоғары