Александра Бурова: «Туған елге деген мақтаныш пен шексіз шаттық сезіміне бөлендім»

Александра Бурова: «Туған елге деген мақтаныш пен шексіз шаттық сезіміне бөлендім»

25 шілде 2018, 17:07
Қазақстан қыздар құрамасының U-17 қорғаушысы, вице-капитан Александра Бурова Бішкекте аяқталған «Үміт» халықаралық турнирінен алған әсерімен бөлісті. Сол турнирде біздің құрама бірінші орын алған болатын.

- Александра, жарыс қалай өтті?

- Турнир керемет ұйымдастырылды. Бішкек жылы қарсы алды. Алаңдаған сәттер болды. Өйткені, ел құрамасының намысын халықаралық турнирде қорғау – үлкен жауапкершілік.

- Турнирде жеңіске жеткен сәтте ең алдымен қандай ой келді?

- Туған елге деген мақтаныш пен шексіз шаттық сезіміне бөлендім. Нәтиже бар. Яғни, оң қадамға алға басып бара жатырмыз. Әр спортшы үшін маңыздысы осы. Ең бастысы – достық сезім қолдауы.

- Ойынға дайындық қалай жүрді?

- Ойынға дайындыққа барлығы байланысты. Матч алдында жинақылық танытуға ұмтыламын. Өзімде жеңіске дайындаймын. Кедергі келтіруі мүмкін артық ойлардан арылуға тырысамын. Жасыл алаңда бір-бірімізге қолдау көрсетеміз.

- Турнирдегі ең қиын қарсылас?

- Барлық қарсыластар лайықты бәсекелестік көрсетті. Өзбекстанмен ойын ең қиыны болды. Өйткені, турнирдегі алғашқы кездесу болатын. Сол себепті ойын нәтижесіне әсер етті деп санаймын.

- Турнир қорытындысы бойынша ең үздік қорғаушы атандыңыз. Сол сәтте қандай сезім биледі?

- Үздіктердің қатарында болу әрқашан қосымша жауапкершілік жүктейді. Кәсіби даму қарқынын бәсеңдете алмайсың. Нәтижеге жету үшін қанша күш жұмсадың? Әрі қарай қаншалықты еңбек ету керек? Осындай ойлар маза бермеді.

- Алға қойған мақсатыңыз?

- Әрине, жасөспірімдер құрамасының кез келген ойыншысы үшін ұлттық құрамаға шақырту алуды мақсат тұтады. Мен үшін еліміздің бас құрамасының намысын қорғау – үлкен абырой. Сол арманды орындау үшін әрі қарай ерінбей еңбек етуге тырысамын.

Бөлісу
Жоғары