Азамат Айтқожин «Астананы» жеңісімен құттықтады

Азамат Айтқожин «Астананы» жеңісімен құттықтады

24 шілде 2018, 23:45
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде Дания чемпионынан басым түскен елордалық «Астана» командасын жеңісімен құттықтады:

«Өте тартысты матч барлығына ұнады деп ойлаймын. «Астана» футболшылары ойынның соңына дейін ойнап, мінездерін көрсетті. Біздің команда табандылығы үшін жеңіспен марапатталды!

Жанкүйерлер стадионда ерекше көңіл-күй орнатып, футболшыларға керемет қолдау көрсетті. Осындай қолдаудың арқасында «Астана» алға қойған мақсатына қол жеткізді.

Қарымта ойын Қазақстан чемпионына қиынға түспек. Ең бастысы өз күштеріне сеніп, жақсылыққа сенім арту. Алға, «Астана»! – деді Азамат Айтқожин.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары