Азамат Айтқожин: «Еурокубок ойындарына біздің командалар толықтай дайындықпен келеді деп үміттенемін»

Азамат Айтқожин: «Еурокубок ойындарына біздің командалар толықтай дайындықпен келеді деп үміттенемін»

24 шілде 2018, 16:10
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің ойындары алдында отандық командаларға сәттілік тіледі:

«Бүгін кешке барша Қазақстан ел намысын абыроймен қорғап жүрген «Астанаға» алаңдайтыны анық. «Мидтьюлланд» - салмақты қарсылас. Өйткені, кәрі құрлықта дат футболының дамығанын бәрі жақсы біледі. Осы уақытқа дейін Еуропа ареналарында тәжірибе жинаған «Астана» футбол клубы жанкүйерлерінің қолдауымен жеңіске жету үшін жасыл алаңға шығады.

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіне қатысып жатқан алматылық «Қайрат» ұжымына да мықты қарсылас тап болды. Еуропа футболының сәнін келтіретін Голландия футболшылары. Қостанайлық «Тобыл» да халықаралық ойындарды сәтті бастады. Владимир Никитенко шәкірттерінің нағыз бабына ене бастағанын «Самтредиамен» болған ойында көрдік. Келесі қарсылас Арменияның атақты клубы «Пюник» болмақ. Қосы ұжымға да табысты ойын тілеймін!

Еурокубок ойындарына біздің командалар толықтай дайындықпен келеді деп үміттенемін», - деді Азамат Айтқожин

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары