Баянбек Муралинов: «Алғашқы жеңіс қалған ойындардың нәтижесіне әсер етті»
26 шілде 2018, 09:40
Фото: bsrussia.com
- Жарыстан керемет әсер алдық. Тарихта алғаш рет үш ойынды қатар ұттық. Алғашқы кезеңде жүз пайыз көрсеткішті орындадық. Қазақстан құрамасының қатарында екінші рет Еуролига ойындарына қатыстым.
- Ең есте қалған кездесу?
- Молдова құрамасы. Турнир алдында Молдова құрамасы қарсы тұратыны белгілі болды. Ескі қарсыласымыз. Бұл жолы жеңіске жеттік. Сол ойында екі гол соқтым. Алғашқы жеңіс қалған ойындардың нәтижесіне әсер етті. Жемістің дәмін сезгеннен кейін сенімділік пайда болды.
- Промо-финалдан не күтесіз?
- Дайындыққа бір айдан астам уақыт бар. Осы уақыт аралығында Қазақстан Чемпионаты мен Ресейдің Қорған қаласында өтетін Еуразиялық лига ойындары бар. Ойын тәжірибесі жеткілікті болмақ. Үлкен жетістікке қол жеткізу үшін көп жаттығу керек.
Жаңалықтар
25 шіл., 18:51
25 шіл., 16:37
24 шіл., 23:45