«BAQ League» жарысының төртінші маусымы басталды

«BAQ League» жарысының төртінші маусымы басталды

30 шілде 2018, 17:58
Өткен демалыс күндері Астанада футболдан журналистер лигасының төртінші маусымы бастау алды.

Ашылу рәсімінде турнирдің ресми тұмары «Бақош» таныстырылды. Жаңа маусымда телеарна, газет және ақпарат сайттарының қызметкерлерінен құралған 13 команда қатысып жатыр. Олар «А» және «В» лигаларына бөлінген.

«А» лигасында «Егемен Қазақстан», ЦАИ МИК РК, «Асыл Арна ТВ», «Хабар», «Спорт 59», «Қазмедиа» командалары ойнайды. Ал, «В» лигасында «Хабар 24», ҚМДБ, «Qazaqstan TV», «Евразия ТВ», «Sportinform», «Қаламгер» және «Elorda aqparat» ұжымдары жоғары топқа өту үшін сынға түседі.

Турнирдің жеңімпаздары екі айналымның қорытындысы бойынша анықталады. Жарыс екі айға созылады. Сонымен қатар, BAQ league кубогы ойнатылады. Ойындардың барлығы «Тарлан Арена» стадионында өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары