Миксу Паателайнен: «Қазақстан құрамасының жылдам футболшыларды жоспарды қиындатуы мүмкін»

Миксу Паателайнен: «Қазақстан құрамасының жылдам футболшыларды жоспарды қиындатуы мүмкін»

14 қараша 2018, 23:31
Латвия құрамасының бас бапкері Миксу Паателайнен Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Ертеңгі кездесуден не күтесіз?

- Ауыр ойын болады деп ойлаймын. Қазақстан құрамасы – жақсы қарсылас. Біздің тапсырманы қарсыластың жылдам футболшылары қиындатып жіберуі мүмкін. Мақсат – табысты ойын көрсету.  

- Ойынның жасанды алаңда өтетіні жоспарға кедергі келтірмей ме?

- Жасанды алаңда ойын өзгерек екенін жақсы түсінеміз. Қиын болатыны сөзсіз. Жасыл алаңға бой үйретіп, доптың қалай жылжитынын түсіну керек.

- Ұлттар Лигасында Латвия үшін қай ойынды үздік деп санайсыз?

- Қиын сұрақ. Біздің құрама енді ғана жасақталып келеді. Маусымнан бастап бірге жаттығуды қолға алдық. Қарқынды дамып жатырмыз деп айта алмаймыз. Алайда, әр матч сайын ойын жақсара түсуде. Асығыстық танытудың қажеті шамалы. Ұлттық құраманың ойынын қалыптастыру көп жұмысты қажет етеді. Қазақстанның ойын сапасы жоғары. Сонымен қатар, жоғары деңгейге көтерілді. Оң нәтиже үшін көп тер төгуге тура келеді. Пайдасы мол тәжірибе болады үміттенемін.

- Латвия үшін Қазақстанмен екінші орынға таласу қаншалықты маңызды? Грузия топтан шығу тапсырмасын орындап тастады.

- Қазақстанмен ойынға бар назарды аудардық. Біздің топтағы нәтижеге қарасақ, мүмкіндік аз. Грузия құрамасының көрсеткіші тамаша. Ертеңгі матч біздің құрамаға бағыт-бағдар береді деп есептеймін.

- Астанада өтетін ойынға дайындық қалай жүрді?

- Өткен оқу-жаттығу жиынымен салыстырғанда бұлы жолы уақыт аз болды. Көптеген футболшылар демалыс күндері ішкі чемпионатта ойнады. Толық құраммен жаттығуды кеше өткіздік. Дайындық үшін барлық уақытымызды арнап жатырмыз.

- Латвия құрамасының ойыншыларының көңіл-күйі қандай?

- Барлығының денсаулығы жақсы. Маусым соңы болғандықтан ойынға түзету енгізетін сәттер көп. Бір ғана футболшы отбасылық жағдайына байланысты Қазақстанға келе алмады. Ол Андоррада өтетін кездесуде құраманың қатарына қосылады.

Бөлісу
Жоғары