Мария Демидова: «Тактикалық жаттығуларға баса назар аудардық»
- Футболға қалай келгеніңіз жөнінде айтып өтсеңіз?
- Жастайымнан футболға әуестене бастадым. Шамамен 12 жасымда спорттың бұл түрі қатты ұнады. Кейін кәсіби шұғылдануға көштім. 15-19 жас аралығында жасөспірімдер құрамаларына шақырылып, халықаралық турнирлерге қатыстым. Көп күтпей ұлттық құраманың намысын қорғай бастадым.
- Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиыны қалай өтті?
- Оқу-жаттығу жиыны өте жемісті болды. Тактикалық жаттығуларға баса назар аудардық. Оқу-жаттығу жиынын өткізуге қолдау көрсеткен Ұлттық Олимпиада комитетіне алғыс айтқым келеді.
- Рәзия Нүркенованың келуімен қандай өзгеріс бар?
- Жаңа бас бапкердің келуімен ойынның жаңа философиясына бой үйрете бастадық. Шабуылда жиі ойнайтын болдық. Әр жаттығуда жаңа комбинацияларды ұйымдастыру үшін күш саламыз.
- Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен жолдастық матч қалай өтті?
- Ойын қарқыны тең басталды. Алайда, уақыт өте келе қысқа әрі орта пастардың арқасында допқа иелік етіп, ойын басымдығын қолға алдық. Жолдастық матч біздің құраманың көрсеткіштері жоғары болды.