Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар штабын Александр Кузнецов толықтырды

Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар штабын Александр Кузнецов толықтырды

30 қаңтар 2019, 14:56
33 жастағы маман Александр Кузнецов осы уақытқа дейін 17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырып келді.

2016 жылы Қазақстан U-17 құрамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогында топ жарды. 2017 жылы Қазақстан U-17 құрамасы Ресейде өткен Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінде екінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып Александр Москаленко тағайындалған еді. Оның көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов болды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары