Николай Родионов: «Ұлттық құраманың қақпасын үздіктер ғана қорғайды»

Николай Родионов: «Ұлттық құраманың қақпасын үздіктер ғана қорғайды»

04 ақпан 2019, 15:48
Қазақстан Ұлттық құрамасының қақпашыларының жаттықтырушысы Николай Родионов баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Кеңейтілген тізімде қақпашы Ненад Эрич жоқ. Кеше ғана ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағаны туралы жариялады. Осы сәтке қандай пікір қалдыр аласыз?

- Ненад Эричтің құрамадан кететінін күтпедік. Алайда, уақыт бір орында тұрмайды. Оның жасы 37-де. Ол шешім қабылдады. Сол шешімді құрметтеу керек. «Астана» футбол клубында бірнеше жыл жұмыс істедік. Кәсіби футболшы. Мен онымен сөйлестім. Ұлттық құрама мен клубты қатар алып жүру ауырлау екен.

- Тізімге енген қақпашыларға баға беріп өтсеңіз? Дмитро Непогодов туралы да тоқталсаңыз...

- Ненад Эричті ауыстыратын қақпашы іздейміз. «Қайраттың» қақпасын деңгейі бірдеі Плотников пен Покатилов қорғайды. Олардың халықаралық тәжірибесі зор. Ойын тәжірибесі бар қақпашы ұлттық құрамаға шақырылады.

Дмитро Непогодов жақында ғана Қазақстан азаматтығын алды. Қазақстан құрамасына көмектесуге дайын. Өз командаларында жақсы қырынан танылған қақпашылар еліміздің бас командасының намысын қорғайды. Жасы мен атақ-даңқына қарамаймыз. Ұлттық құраманың қақпасын үздіктер ғана қорғайды.

Бөлісу
Жоғары