19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары тағайындалды

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары тағайындалды

31 қаңтар 2019, 10:25
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының U-19 аға жаттықтырушысы қызметіне 43-жастағы Александр Фамильцев тағайындалды. Оның көмекшілері - Игорь Свечников және Рафаэль Оразбахтин.

Александр Фамильцев «Ертіс» (Павлодар), «Локомотив» (Төменгі Новгород, Ресей), «Аксесс-Есіл» (Петропавл), «Торпедо» (Мәскеу, Ресей), «Томь» (Томск, Ресей), «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе», «Сахалин» (Оңтүстік Сахалин, Ресей) командаларында ойнады. Қазақстан Ұлттық құрамасында 35 матч ойнап, бір гол соқты. 

Соңғы жылдары Александр Михайлович ресейлік «Томь» футбол клубының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарды.

Жаңадан тағайындалған Александр Фамильцевке Игорь Свечников пен Рафаэль Оразбахтин көмектеседі. Игорь Свечников 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болды. Сонымен қатар, «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Астана» және «Бәйтерек» (Астана) футбол клубтарында бас бапкер болды.

Рафаэль Оразбахтин жартылай қорғаушы және шабуылщы позициясында ойнаған еді. «Қайнар» (Талдықорған), «Қайрат» (Алматы), Ростсельмаш (Ростов-на-Дону), «Елімай» (Семей), «Ақтөбе-Ленто» (Ақтөбе), «Жетісу» (Талдықорған), «Шахтер» (Қарағанды), «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Қайсар» (Қызылорда) және «Восток» (Өскемен) клубтарының намысын қорғады. Қазақстан Ұлттық құрамасында 12 ойын өткізіп, екі гол соқты.

Соңғы жылдары алматылық «Қайраттың» құрылымында жаттықтырушы қызметін атқарды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары