Мато Станкович: «Қазақстанның ойын үлгісінде ешкім ойнай алмайды»

Мато Станкович: «Қазақстанның ойын үлгісінде ешкім ойнай алмайды»

31 қаңтар 2019, 21:52
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мато Станкович Қазақстанмен өтетін жолдастық матч алдында журналситердің сауалдарына жауап берді:

- Ең алдымен қонақжайлылық танытқан үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстанға алғаш рет келдім. Тағы да келемін деп үміттенемін. Қазақстан құрамасы болашақта үлкне табыстарға жете алады деп ойлаймын. Біздің қатарымызда үміт артып жүрген кейбір ойыншылар жоқ. Жарақат алғандар бар. Соңғы іріктеу кезеңіне қатысқан сегіз ойыншы келе алмады. Ертеңгі ойында менің командам жақсы ойын көрсетеді деп сенемін.

- Ертеңгі ойынның үздігі кім?

- Әрине, Қазақстан мықтырақ. Қазақстан құрамасы – Еуропаның үздігі. Қарсыластың деңгейі әлдеқайда жоғары.

- Қазақстан құрамасының қатарынан кімді атап өтесіз?

- Қазақстан құрамасының қақпашысы Игитаның ойынын айрықша атап өтуге болады. Мұндай қарсыласқа қарсы қорғану қиын. Қазақстанның ойын үлгісінде ешкім ойнай алмайды. Қақпашы және қалған ойыншылары ғажап команданы құрайды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары