Чеферин УЕФА президенті болып қайта сайланды
08 ақпан 2019, 09:51
Конгресс УЕФА президенті Александер Чеферинді қайтадан төрт жылға Еуропа футбол қауымдастығының басшысы қызметіне сайлады.
2016 жылдың қыркүйегінде УЕФА президенті болған словениялық Александер Чеферин екінші мерзімге сайланып отыр.
Сонымен қатар, 2019-2033 жылдар аралығына УЕФА Атқару комитетінің жеті орнына таңдау жасалды. Төрт жылға сайланғандар:
Шандор Чаньи (Венгрия) - 49 дауыс
Луис Рубиалес (Испания) - 47
Давор Шукер (Хорватия) - 47
Фернандо Гомеш (Португалия) - 45
Йеспер Мёллер Кристенсен (Дания) - 40
Арманд Дука (Албания) - 36
Андрей Павелко (Украина) - 27
Сонымен қатар, УЕФА Атқару комитетінің әйелдерге арналған орнына Флоранс Ардуэн (Франция) қайта сайланды.
Жаңалықтар
07 ақп., 15:46
04 ақп., 17:28
04 ақп., 10:56