Қазақстандық төрешілер Түркияда жаңа маусымға дайындықты бастады

Қазақстандық төрешілер Түркияда жаңа маусымға дайындықты бастады

09 ақпан 2019, 19:04
Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті мен Төрешілер комитеті Анталия қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына УЕФА инспекторы әрі нұсқаушысы, ФИФА-ның бұрынғы төрешісі, румыниялық маман Александру Дяконуды шақырды. Қазіргі уақытта Дякону Қазақстандағы УЕФА Төрешілер Конвенциясының жетешісі қызметін атқарады.

Теория мен тәжірибеге бағытталған дәрістерде румыниялық маман Ойын ережесінің өзгерістеріне қатысты баяндама жасады. Төрешілер жиын соңына қарай Ойын ережесінен емтихан тапсырады. Дене даярлығын анықтау үшін ФИФА мен Yo-Yo сынағынан өтеді.

Сонымен қатар, қазақстандық төрешілер Түркияда дайындық жүргізіп жатқан шетелдік командалардың ойындарында қызмет атқарды.

Бөлісу
Жоғары