Қазақстан әйелдер құрамасы «Turkish Women’s Cup 2019» турниріне қатысады
Турнирдің ойындары ресми болмақ. Сол себепті FIFA рейтингінде ескеріледі.
Қазақстан әйелдер құрамасы турнирге дайындық аясында Түркияда 16-24 ақпан аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Оқу-жаттығу жиыны мен турнирге қатысу мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қаржыландыруымен жүзеге асты.
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова оқу-жаттығу жиынына 22 футболшыны шақырды:
Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Оқжетпес»), Ангелина Портнова (РСШИКОР, Астана);
Қорғаушылар: Екатерина Бабшук, Мария Демидова, Юлия Мясникова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Бибігүл Нұрышева («Оқжетпес»), Құндыз Қожахмет (ДЮСШ №17, Қызылорда), Әсем Жақсымбай (ДЮСШ №2, Ақтөбе);
Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова («Енисей», Ресей), Карина Жұмабайқызы, Камила Құлмағамбетова, Ксения Хайрулина, Адиля Вылданова, Светлана Бортникова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Әселхан Тұрлыбекова, Виктория Попкова (екеуі де - ДЮСШ №7, Шымкент), Әсемгүл Аруова («РСШИКОР», Астана);
Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Арайлым Орынбасарова, Аида Смағұлова, Карина Әділханова (барлығы - РСШИКОР, Астана);
Жаттықтырушылар штабы: Рәзия Нүркенова - бас бапкер, Айтбай Жамантаев - бас бапкердің кеңесшісі, Орынбасар Дәуренбекова - бас бапкердің көмекшісі, Александр Убыкин - қақпашылардың жаттықтырушысы, Арстанбек Баттаков - дәрігер, Талғат Нұрмұхамбетов - администратор, Анастасия Журавлева - менеджер.