Азамат Айтқожин: «Қазақ футболында Отан үшін жаны ашитын мүдделес жандар жиналған»

Азамат Айтқожин: «Қазақ футболында Отан үшін жаны ашитын мүдделес жандар жиналған»

13 ақпан 2019, 17:00
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин еліміздің бас командасының Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындығы мен Молдовамен өтетін жолдастық ойын туралы сұхбат берді:

- Азамат Серікұлы, алдағы күндері Михал Билектің басшылығымен Қазақстан Ұлттық құрамасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізіміне тоқтала кетсек. Жанкүйерлер жаңа есімдерді күте ала ма?

- Жауаптты сәтте халықаралық аренада ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы үшін қолдау көрсететін ортақ күшті ұмытпаған жөн екенін айтқым келеді. Қазақстан футбол федерациясының атынан Ұлттық құрама және оның бас бапкерімен жоғары деңгейдегі өзара байланысы үшін футбол клубтарына үлкен алғыс айтқым келеді. Ұлттық құрама Қазақстанның ұлттық бренді екенін түсінген абзал. Оқу-жаттығу жиыны футбол клубтарының дайындық жоспарымен сәйкес келеді. Өйткені, барлық футболшыларды жинау үшін Қазақстан Чемпионатының күнтізбесінде ашық «терезе» жоқ. Маусымашар ойын Қазақстан Суперкубогына да аз уақыт қалды. Әрі қарай Премьер-лиганың алғашқы екі туры өтеді. Шотландия және Ресей құрамаларымен өтетін кездесулермен жаңа футбол маусымы жалғасады. Бар күшті біріктіріп, ең жоғары мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Ұлттық құраманың ойынын тамашалау үшін футбол жанкүйерлері стадион мен теледидар алдында бірге жиналады. Сол сияқты футбол клубтары мен федерация еліміздің бас командасы үшін ортақ жұмыс атқарады.

Қазақ футболында Отан үшін, келешектегі спортық табыстар үшін алаңдайтын мүдделес жандардың жиналғанын әрдайым мақтан тұтамын. Қазақстан құрамасында қазіргі уақытта футболшыларды таңдау мүмкіндігі көп емес. Алайда, жас футболшыларға ұлттық құраманың қатарына қабылдану үшін бірте-бірте байыппен мүмкіндік береміз.

- Оқу-жаттығу жиынында Молдовамен өтетін ойыннан басқа қандай шаралар жоспарда бар?

- Бірнеше күннен кейін Түркияда жаңа бас бапкердің жетекшілігімен Қазақстан Ұлттық құрамасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды. Жиынды Түркияда ақпан айында өткізу шешімін саралап, алдын ала қабылдадық. Өйткені, біздің барлық кәсіби футбол клубтар бір жерге, яғни Түркияның Анталия қаласының маңында орналасқан.

Бұл арқылы ойыншылардың аймақтардан жаттығу өтетін жерге келу уақытын қысқартып, негізгі дайындыққа баса назар аударамыз. Молдовамен өтетін ойын ФИФА күнтізбесіне сәйкес емес екенін жақсы түсінеміз. Алайда, саналы қадам алдын ала сараланған. Футбол клубтарының жетекшілері мен бас бапкерлері түсіністікпен қарап, ойыншыларын іріктеу кезеңінің дайындығына жібергені қуантады.

2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің барлық матчтары бір жылдың ішінде өтеді. Соңғы уақыттағы ең өткінші турнир болып отыр. Әдетте барлық ойындар екі жылға созылатын еді. УЕФА Ұлттар Лигасының құрылуымен кездесулер бір ғана футбол маусымында өтеді.

Ойын күнтізбесі мен оқу-жаттығу жиынының өтетін мерзімін құрған сәтте ең алдымен Қазақстан Чемпионатымен мен еурокубок ойындарындағы футбол клубтарының тығыз кестесіне алаңдаймыз.

Сол себепті алдағы жиын жаңа іріктеу кезеңіне алғашқы әрі жалғыз толық дайындық болмақ. Дәл осы сәтте кәсіби футбол клубтарының қолдауы аса маңызды.

- Мұның барлығы Михал Билектің командамен тікелей жұмыс істеу уақыт көп емес екенін білдіреді ме?

- Билек мырза өз ісінің нағыз шебері. Ол уақыттың аз екенін жақсы түседі. Алғашқы ресми ойын наурыз айында өтеді. Сол себепті ол негізгі және қосалқы құрамның ойыншыларын көзбен көруге ниетті. Бір апта бойы футбол клубтарының жолдастық кездесулерін қадағалап, жаттықтырушылармен жиі ақылдасып жүр.

Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабындағы оның көмекшілері де белсенді жұмыс атқарып жатыр. Жиналған мәліметтер сарапталып, кейін толық талқыға түспек.

- Молдова құрамасы Қазақстан үшін қызықты қарсылас. Осы уақытқа дейін өткен кездесулерде тартысқа толы болған еді. Жаңа кездесуден не күтесіз?

- Біріншіден, Молдова құрамасы тартысқа түсуге дайын ұжым. Жаттықтырушылар үшін пайдалы матч болмақ. Футболшылардың дайындығы мен шеберлік деңгейін бағалай алады. Екіншіден, жаңа бапкермен танысу үшін команданың толық жинау маңызды. Жолдастық кездесумен  оқу-жаттығу жиынында енгізілген жұмыс көлемін аяқталады. Бүгінде футбол ең алдымен командалық ойын арқылы жеңіске жетуге болатыны ешкімге жасырын емес. Оқу-жаттығу жиыны мен Молдова құрамасымен өтетін ойны Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықтың маңызды бөлігі болмақ.

Бөлісу
Жоғары