Сертификация бойынша комиссия отырысы өтті
14 ақпан 2019, 16:17
Бүгін, 14 ақпан күні Сертификация бойынша комиссия отырысы өтіп, «Мұнайшы» (Атырау) және «Шахтер» (Қарағанды) стадиондарында Премьер-лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының матчтарын өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Қазақстан футбол федерациясының Сертификация комиссиясына жасыл алаңның жағдайы туралы сараптама қорытындысы ұсынылғанға дейін шешім күшінде болмақ.
Сонымен қатар, «Металлург» (Теміртау) және «Томарлы» (Атырау) стадиондарында да Премьер-лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының матчтарын өткізуге тыйым салынды. Шешім Қазақстан футбол федерациясының стадиондардың инфрақұрылым туралы ережесінің талаптарына сай болмағандықтан қабылданды.
Жаңалықтар
13 ақп., 11:39
13 ақп., 11:31
12 ақп., 17:02
08 ақп., 15:22