Әділбек Жақсыбеков: «Қазақстан құрамасы Наурыз мейрамына тамаша сыйлық жасады»

Әділбек Жақсыбеков: «Қазақстан құрамасы Наурыз мейрамына тамаша сыйлық жасады»

22 наурыз 2019, 00:36
Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Шотландия құрамасын айқын ұтқан еліміздің бас құрамасының жеңісімен барша жанкүйерлерді құттықтады.

- Қазақстан футбол федерациясының атынан барша отандастарымызды айтулы жеңіспен құттықтаймын! Қазақстан футболшылары барша қазақстандықтарға Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен тамаша сыйлық жасап, ел мақтанышына айналды. Қазақстан құрамасы мыңдаған жанкүйерлердің қолдауымен жиі шабуылға араласып, көздеген мақсаттарына қол жеткізді. Михал Билек шәкірттеріне қарсылас қарсы тұра алмады. Біздің команда әрі қарай да жанкүйерлерге қуаныш сыйлайтынына кәміл сенемін. 24 наурыз күні Ресей құрамасымен жауапты ойын күтіп тұр. Барша жанкүйерлер бірігіп, ұлттық құрамаға деген сенімін мәңгі сақтайды деп үміттенемін. Алға, Қазақстан!, - деді Қазақстан футбол федерациясының Президенті.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары