Әділбек Жақсыбеков: «Футбол – өмірдің мәні»

Әділбек Жақсыбеков: «Футбол – өмірдің мәні»

25 сәуір 2019, 08:30
Қазақстан Футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков отандастарды Қазақстан футболының күнімен құттықтады.

Бүгін - еліміздегі футбол жанашырлары үшін ең қымбат мереке. Өйткені, өмір футбол үшін!

Қазақ футболы қарқынды дамып келеді. Отандық клубтардың халықаралық аренадағы жетістіктерін атап өткен жөн. Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде Шотландия құрамасын жеңген еліміздің бас құрамасы да жанкүйерлерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Ел чемпионатында өткен маусымда жоғары нәтиже көрсеткен төрт отандық клуб биыл жазда Еуропада ел намысын қорғайды. Отандық клубтар өткен жылдардағы жетістікті қайталап қоймай, асып түседі деп үміттенемін.

Бұқаралық футбол, балалар мен жасөспірімдер футболы, әйелдер футболы және футзал да даму жолында. Халықтың спорттың кең таралған түрімен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалған. Қалың бұқара футбол дамуының іргетасы саналады.

Қазақстан футбол федерациясының атынан барша жанкүйерлерді, футбол ардагерлері мен мамандарды бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, зор денсаулық пен үлкен жеңістер тілеймін!

Қазақстан Футбол федерациясының Президенті  Әділбек Жақсыбеков

Бөлісу
Жоғары