Бауыржан Исламхан: «Команда жақсы футбол көрсетуге дайын»

Бауыржан Исламхан: «Команда жақсы футбол көрсетуге дайын»

08 маусым, 13:24
Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Бельгиямен ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді:

- Бауыржан, дайындық қалай?

- Жарақаттан айығып, жасыл алаңға қайта оралдым. Ұлттық құрамаға шақырған бас бапкерге алғыс айтамын. Команда жақсы футбол көрсетуге дайын және оң нәтижеге қол жеткізгіміз келеді.

- «Руа Бодуэн» стадионының көгалына қандай баға бересіз?

- Осы стадионда әлі жаттығу жасаған жоқпыз. Бүгін жасыл алаңның сапасын байқаймыз.

- Матчтан кейін Бельгия құрамасының футболшылсымен ойын жейдесін алмастырғыңыз келе ме? Кімнің жейдесін қалайсыз?

- Ең алдымен алаң иелеріне лайықты қарсылық көрсету үшін келдік. Футболшылардың көңіл-күйі мен дайындығы керемет. Жейде туралы ойлағанда жоқпын.

Бөлісу
Жоғары