Ян Вороговский: «Алғашқы ойынның қателігін түзеп, ертең тосынсый жасауға тырысамыз»
- Артем Дзюба бастаған Ресей құрамасының шабуылшыларын қалай ұстайсыздар?
- Ресей құрамасымен өткен алғашқы ойынды талқыладық. Алғашқы ойынның қателігін түзеп, ертең тосынсый жасауға тырысамыз. Ұпаймен қайтуды ойлаймыз.
- Кипр құрамасымен өткен ойын туралы сұрақ. Сол ойында екі ұпай жоғалттыңыздар ма, әлде бір ұпайға ие болдыңыздар ма?
- Ойынды жақсы бастап, жылдам гол соқтық. Кейін ойын тізгінін жоғалтып алдық. Никосияда жеңіске жету керек еді. Екі ұпай жоғалтқанымыз рас. Алайда, тең нәтиже де - жақсы көрсеткіш.
- Қазақстандық БАҚ-тың іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының нәтижесіне көңілдері толатындай. Футболшылардың психологимялық жағдай қандай? Ертең Ресейде ұтамыз деген сенім бар ма?
- Футболда бәрі болады. Физикалық және психологиялық дайындығымыз жақсы. Ертең жақсы ойын көрсетеміз.
- Ресеймен өтетін ойын маңызды. Ұпай жинап, Еуропа Чемпионатына шығу мүмкіндігін сақтауға болады. Ал, ұтылған жағдайда сол мүмкіндіктен айырыламыз. Ресеймен ойын Сіз үшін қаншалықты маңызды?
- Иә, дұрыс айтып өттіңіз. Ертең - шешуші ойын. Біздің құрама соңына дейін күресуге дайын. Қазақстан құрамасының қатарындағы соңғы ойында алаңға шыққандай боламыз. Қазақстан үшін, бір-біріміз үшін және жанкүйерлер үшін күресеміз.