Александр Москаленко: «Бүгін командаға күш пен эмоция жетпеді»

Александр Москаленко: «Бүгін командаға күш пен эмоция жетпеді»

10 қыркүйек 2019, 23:22
Қазақстан жастар құрамасының U-21 аға бапкері Александр Москаленко Израильмен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді: 

- Израиль жастар құрамасын жеңісімен құттықтаймын. Жанкүйерлерге үлкен алғыс айтқым келеді. Екінші ойын қатарынан жақсы қолдау көрсетті. Испаниямен өткен ойынан кейін қалыпқа келе алмадық. Сол ойында көп күш қалдырдық. 

- Жылдам гол жіберіп алдық...

- Бұл жерде бір футболшы ғана емес, барлық команда соңына дейін ойнамады. Бапкер мен барлық команда жеңіледі. Бір футболшыны жекелеп алу дұрыс емес. 

- Пенальти тебетін футболшы бар ма?

- Психологиялық дайын футболшы тебеді. Пенальти - техникалық элемент. 

- Екінші таймда алаңға шыққан футболшылар ойынға енбей қалған сияқты. Сырт алаңдағы ойындардың тағдырын екінші таймда шыққан футболшылар шешкен еді. 

- Алғашқы екі ойынға жақсы дайындалдық. Түркияда халықаралық турнирге қатыстық. Қазақстан футбол федерациясы қолайлы жағдай жасады. Маусым айынан кейін футболшылардың көбі өз клубтарында ойнамады. Премьер-лига, Бірінші лига және Екінші лигадағы барлық ойыншыларды қарап шықтық. Футболшылардың таланты бар. Алайда, ең басты мәселе - ойын тәжірибесінің жоқтығы.

Бөлісу
Жоғары