Михал Билек: «Біздің жоспарымыз қарсыластың шабуылдарына тосқауыл қою болды»

Михал Билек: «Біздің жоспарымыз қарсыластың шабуылдарына тосқауыл қою болды»

10 қыркүйек 2019, 10:59
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ресеймен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді: 

- Жақсы ойын көрсеттіңіздер. Оң нәтижеге жету үшін сәл күш жетпеді. Ойынға қойылған нұсқау қандай? 

- Қарсыластың деңгейін алдын-ала ұғынып, көп қорғануға тура келетінін түсіндік. Сол себепте қорғаныс жүйесін түзуге күш жұмсадық. Жоспар бойынша ойнадық, сол себепті біздің қақпаның алдында қауіпті сәттер болмады. Бір стандарттан ғана жеңіліп қалдық. Ойыншылар соңына дейін күрескен еді. Бір ұпайға лайық болатын. 

- Никосияда өткен ойынмен салыстырғанда негізгі құрамада бес ойыншы алаңға шықты. Жас ойыншыларға сенім арттық. Олардың ойынына баға беруге бола ма?

- Өткен ойында көп күш сарқыдық. Сол себепті өзгерістерге жүгінуге тура келді. Негізгі құрамада шыққан ойыншылардың барлығы жақсы ойнады. Айбол Әбікен ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын мықты қарсыласқа қарсы лайықты өткізді. Қалған жігіттер де жарап тұр. 

Бөлісу
Жоғары