Михал Билек: «Қорғаныста қателік жібермеуге тырысамыз»
- Қазақстан құрамасы қатарынан екі матч ойнай алмайды. Футболшылардың екінші ойынға күштері жетпей жатады. Ертеңгі ойында алаңда өзгерістер бола ма?
- Кипрде ауыр ойын болды. Футболшылар жақсы матч өткізді. Алайда, көп күш жұмсадық. Сол себепті негізгі құрамда өзгерістер болуы ықтимал. Көктемгі ойындардың тәжірибесі соның айғағы. Шотландиямен өткен ойыннан кейін сол құрамды алаңға шығарған едік. Футболшылар шаршап қалды.
- Ресей мен Қазақстан құрамасының ойыншылары қатар қойсақ. Қай позицияда Сіздің ойыншылар басым?
- Ресей құрамасында жақсы футболшылар бар. Бельгия құрамасымен бірге топтың көшбасшылары. Ресейдің әр позицияда таңдаулы ойыншылары бар екені айқын. Сонымен қатар, қосалқы құрамның ойыншылары да мықты. Мұндай салыстырулармен айналысқым келмейді. Қарсыластың деңгей жоғары екені түсінікті.
- Қазақстан құрамасы алғашқы минуттан бастап жоғары жылдамдығын қосуға дайын ба? Әлде қарсыластың ойынына қарап, қорғаныс арқылы ойнайды ма?
- Ресей мен Шотландия ойынын көрдік. Ресей футболшылары орталық алаңнан жылдам шабуыл ұйымдастыра алады. Қорғаныста қателік жіберумеуге тырысамыз. Алайда, ойын бойын қорғаныста жатып алмаймыз. Допты тартып алғаннан кейін, оны шабуылға жеткізуге ұмтыламыз.