Қазақстан футбол федерациясының кезекті конференциясы өтті

Қазақстан футбол федерациясының кезекті конференциясы өтті

28 қараша 2019, 18:50
Елордада Қазақстан футбол федерациясының кезекті конференциясы өтті.

Шараға атқарушы комитет мүшелері мен аймақтық федерациясының өкілдері, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. УЕФА халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Ева Паскье де жиынға арнайы келді. 

Конференцияда Қазақстан футбол федерациясы Президенті мен Атқарушы комитеттің қызметі жөніндегі есебі тыңдалды. 

Сонымен қатар, соңғы жылдағы ревизиялық комиссияның қаржылық есебі мен тәуелсіз аудитордың есебі бекітілді.

Ревизиялық комиссияның мүшелері қайта сайланып, ҚФФ мүшелерінің қатарында өзгерістер тіркелді. Қазақстан футбол федерациясының жарғысына да бірқатар өзгерістер енгізілді. 

Бөлісу
Жоғары