ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин футзалдан Чемпиондар Лигасының қатысушыларына сәттілік тіледі

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин футзалдан Чемпиондар Лигасының қатысушыларына сәттілік тіледі

16 қаңтар, 11:00
Бүгін «Қайрат» пен «Ақтөбе» футзал клубтары халықаралық турнирдің биылғы маусымдағы алғашқы ойындарын өткізеді.

Еліміздің командалары футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалында ойнайды.

Алматылық «Қайрат» Беларусь елінің «ВитЭн» командасымен кездессе, «Ақтөбе» ойыншылары грекиялық «АЕК» командасымен сынға түседі.

Жеңімпаздар турнир ережесі бойынша бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады.

Қазақстанның екі командасы да ойынды сырт алаңда өткізеді.

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин жарыс қарсаңында отандық командаларға сәттілік тіледі.

«Қазақстандық жанкүйерлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» командаларының халықаралық аренадағы матчтарын асыға күтеді.

Біздің командалардың ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамының әлеуеті зор және оларға үлкен сенім артамыз.

Футзалдан Қазақстан чемпионатының  басталуы мен оның қарқынының жоғары болуы командалардың халықаралық жарысқа жақсы дайындықпен келуіне себеп болды.

Қазақстан құрамасының Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойыны соның айқыны дәлелі болмақ.

Қазақстанның қос командасы да Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алуға үмітті.

Өйткені, қазақстандық командалардың ойыншылары мен бапкерлерінің шеберлігіне жоғары баға беруге болады.

Қазақстан футбол федерациясының атынан мен «Қайрат» пен «Ақтөбе» командаларына сәттілік тілеймін!

Мығым қорғаныс, жойқын шабуыл және оң нәтиже тілеймін!»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары