Қазақстан – Франция матчына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

Қазақстан – Франция матчына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

17 наурыз 2021, 14:00
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының Францияға қарсы өтетін ойынына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы кездесу 28 наурыз күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

БАҚ өкілдерін тіркеу мерзімі 2021 жылдың 24 наурызы сағат 17:00-ге дейін жалғасады. Аккредитацияларды 27 наурыз күнгі баспасөз маслихатында алуға болады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Назар аударыңыздар! Пандемияға байланысты журналистерге берілген орындар саны шектеулі. БАҚ үшін аккредитация саны – 1 (корреспондент/фотограф/бейнеоператор).

Бөлісу
Жоғары