Қазақстан жастар құрамасы Түркияда халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан жастар құрамасы Түркияда халықаралық турнирге қатысады

03 наурыз 2021, 12:10
Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын Қазақстан U21 жастар құрамасы Түркияда өтетін Antalya Cup-2021 турнирінің алғашқы ойынын Солтүстік Македониямен өткізеді. Сонымен қатар, жарысқа Болгария, Словакия, Украина және Өзбекстан құрамалары қатысады.

Қазақстан жастар құрамасының халықаралық турнирдегі ойын кестесі:

24 наурыз, 20:00, Солтүстік Македония – Қазақстан;

26 наурыз, 20:00, Болгария – Қазақстан;

29 наурыз, 19:00, Өзбекстан – Қазақстан.

* Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу
Жоғары