Футзалдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы 

Футзалдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы 

24 ақпан, 17:32
Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. 

Оқу-жаттығу жиыны 25 ақпан күні Нұр-Сұлтанда басталады.

2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде футзалдан Қазақстан мен Беларусь құрамалары наурыз айында екі рет ойнайды. 

Алғашқы ойын 2 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Минск қаласында өтетін екінші кездесу 8 наурызға жоспарланған. 

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасынының тізімі:

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Нұрәлем Байдулла («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Дуглас Жуниор (барлығы - «Қайрат»), Тайнан («Спортинг», Португалия), Лео («Норильский никель», Ресей), Азат Валиуллин («Аят»), Нұрбек Қарағұлов, Арнольд Кнауб (екеуі де - «Ақтөбе»), Болат Сарбасов («Атырау»), Төрехан Досов («Бәйтерек»);

Қосалқы құрам:

Қақпашы: Александр Гуров («Аят»);

Алаңдағы ойыншылар: Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Жомарт Тоқаев («Атырау»), Ринат Төреғазин, Тимур Балтабаев, Антон Рындин (барлығы - «Аят»), Мирамбек Бикеев, Виктор Клинов (екеуі де - «Бәйтерек»), Батырхан Имашев, Бауыржан Нұраждаров (екеуі де - «Нұр-Сұлтан»).

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Тьяго Дуарте Вийера - физиотерапевт, Нұрлан Битүгілов - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист, Азамат Жакудин – менеджер.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының серіктесі

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары