Қазақстан құрамасы жаңа жүйені іске қосты

Қазақстан құрамасы жаңа жүйені іске қосты

20 ақпан, 13:10
Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы жаңа жүйені іске қосты.

Қазақстандық клубтарда өнер көрсететін футболшылардың дәл қазіргі мезеттегі физикалық жағдайлары тексеріліп, олардың көрсеткіштері арнайы базаға енгізілді. Алдағы уақытта құрама командаға алынатын ойыншылардың нәтижелері осы қордан алынып, олардың әр уақытта қандай прогресс жасағаны белгілі болмақ. Сонымен қатар, 6 ай бұрын алынған нәтижесінен төмен көрсеткіш тіркеген футболшы керісінше физикалық тұрғыдан нашарлап кеткенін де анық аңғаруға болады дейді бас бапкер. Талғат Маруаұлы Байсуфинов қарағандылық «Шахтер» командасының ойыншыларын тексерістен өткізіп, өз пікірін білдірді.

Талғат Байсуфинов, Қазақстан құрамасының бас бапкері:
- Біз белгілі бапкер Павел Черепановпен бірлесе отырып бүкіл футболшының дәл қазіргі физикалық жағдайын өлшеп, серверге тіркеп қоюды жөн санап отырмыз. Мұндай жүйе қазақ футболында бұрын болған. Бірақ, біздің қазір істеп жатқан жүйеміз сәл кеңейтілген, толықтырылған нұсқа болады. Мысалы, қазір «Шахтер» футбол клубының ойыншыларын түгелімен тексеріп алдық. Олардың ішінде жас аяқдопшылар да бар. Бәлкім олар премьер-лига ойындарында өздерін көрсетіп, таланттарын танытатын болса, осында жинап алған сандарға байланысты біз қорытынды шығарамыз. Келесі бір оқу-жаттығу жиынына шақырған кезде осындай тестті тағы бір мәрте қайталап аламыз.

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары