Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Ян Труфанов «Даму Кубогы» халықаралық турнирінің үздік шабуылшысы атанды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Ян Труфанов «Даму Кубогы» халықаралық турнирінің үздік шабуылшысы атанды

07 ақпан 2021, 19:30
Футболшы турнирде бес мәрте көзге түсті.

Біздің ойыншы алаң иелері Беларусь құрамасымен өткен ойында екі гол соқты.

Молдовамен өткен кездесуде қазақстандық футболшы хет-трик жасады.

Сұрмергендер тізімінде Ян Труфановтан кейін үш голмен Тәжікстан құрамасының шабуылшысы Абдулфаттох Худойдодзада орналасты.

Жүлдені жас шабуылшыға УЕФА ұлттық қауымдастықтар департаментінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Ева Паскье табыстады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысын жетістігімен құттықтаймыз!

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу
Жоғары