Игита бесінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанды!

Игита бесінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанды!

26 қаңтар 2021, 22:00
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының және алматылық «Қайраттың» қақпашысы Леонардо Де Мело Вийера Лейте «Игита» бесінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанды.

 Бүгін танымал Futsalplanet.com сайтыда дауыс беру қорытындысы жарияланды. 

Игита 603 ұпай жинап, басты қарсыластары  Португалияның «Спортинг» командасында ойнайтын Тьяго Мендес Роша (561) мен Испанияның «Интер Мовистар» қақпасын қорғайтын Хесус Херреро Парронды (409) басып озды.

Бүгінгі таңда Игита бұл номинация бойынша рекорд иегері. 

Ол бұған дейін 2015, 2016, 2018 және  2019 жылдары әлемнің үздік қақпашсы атанды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары