Балалар мен жасөспірімдер футболы комитетінің отырысы өтті
Биыл футбол орталықтары мен академиялар арасында ел чемпионаты мен кубогын қайта жалғастыру, сонымен қатар басқа да жарыстарды күнтізбеге енгізу көзделіп отыр.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында ұлттық чемпионат пен кубок турнирлеріне қатысушылардың сертификациясы мен ойыншыларды тіркеу науқаны анықталды.
Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс құрамаларының арасында чемпионаты ұйымдастыру мәселесі де қарастырылды.
21 мен 27 ақпан аралығына «Арман» және «Жастар» республикалық жасөспірімдер турнирінің іріктеу кезеңі жоспарланған.
Алғашқысына 19 жасқа дейінгі футболшылар қатысады.
Екінші жарысқа қатысушылар 17 жастан аспауы тиіс.
Жарыстарды дәстүр бойынша Тараз және Шымкент қалалары қабылдайды.
Финалдық кезең наурыз айына белгіленді.
«Қазақстан футбол федерациясы аясында өтетін барлық балалар мен жасөспірімдер жарыстарын біртіндеп қайта жалғастыруды мақсат етіп отырмыз. Нақты болжам айту қиын. Пандемияға қатысты ахуал тұрақсыз болып қала бермек. Жарысты қабылдаушы тараптар мен қатысушылар турнирге дайын болуы тиіс. Жарыст ұйымдастырудың бірнеше нұсқалары әзірленді. Болашаққа оң көзқараспен қараймыз. Биыл әртүрлі жастағы жарыстарды толықтай ұйымдастырып, қатысушыларды кең қамтуға тырысамыз», - дейді ҚФФ бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев.