ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин «Қайрат» және «Ақтөбе» командаларын футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне шығуымен құттықтады

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин «Қайрат» және «Ақтөбе» командаларын футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне шығуымен құттықтады

16 қаңтар 2021, 22:30
Қазақстандық командалар Чемпиондар Лигасындағы алғашқы ойындарын өткізіп, құрлық біріншілігінің 1/8 финалына жолдама алды.

Алматылық «Қайрат» Беларусь елінің «ВитЭн» клубынан басым түссе, «Ақтөбе» ойыншылары Грекияның «АЕК» командасын айқын ұтты.

«Қазақстандық «Қайрат» пен «Ақтөбе» командаларының Чемпиондар Лигасындағы жеңісті ойындарының ерекше мәні бар.

Бұл жетістікке Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары мен оның құрамына үміткерлер де үлкен үлес қосқаны көңілге қуаныш сыйлайды.

Тартысқа толы өткен екі кездесуде де біздің елдің командалары қарсыластарынан басым түсті.

Қазақстандық жанкүйерлер мен мамандардың атынан керемет нәтиже көрсеткен үшін жарысқа қатысушыларға шын жүректен алғыс айтамын.

«Қайрат» пен «Ақтөбеге» мәртебелі жарыстың финалдық бөлігіне шығу жолында сәттілік тілейміз!

Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары