«SD Family» кәсіби футбол клубының академиясы таныстырылды

«SD Family» кәсіби футбол клубының академиясы таныстырылды

21 қаңтар 2021, 17:30
Қазақстан футбол федерациясы мен «SD Family» академиясының жетекшілерінің басқосуы футбол үйінде өтті.

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, басқарушы директор Әміржан Түсіпбеков, бұқаралық, әйелдер және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, Техникалық орталық директоры Қуаныш Бақытбеков пен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов жиынға қатысты.

«SD Family» директоры әрі негізін қалаушы Дидар Сыдықбек пен атқарушы директор Аманат Жанкүшіков жобаларын таныстырды.

«SD Family» академиясының ерекшелігі – жеке дайындық мектебінің филиалдарының кең желісі.

Бүгінде академияның филиалдары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей, Қостанай, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Тараз, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, сондай-ақ Ақтөбе облысында орналасқан Алға мен Қандыағаш аудан орталықтары мен Алматы облысында орналасқан Шелек ауылында жұмыс істейді.\

Жақын арада Оралда «SD Family» академиясының бөлімшесі ашылады.

«SD Family» кәсіби футбол клубы Нұр-Сұлтан қаласының атынан шығып, Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан Біріншілігінде ойнайды.

Осы маусымда «SD Family» академиясының тәрбиеленушілері Бірінші және Екінші лигалардың футбол клубтарының жасөспірімдер командалары арасындағы ел чемпионатына, сондай-ақ басқа турнирлерге қатысады деп жоспарланып отыр.

«SD Family» жобасының көшбасшылары мен жаттықтырушылар корпусының күш-жігері өте жоғары. Аймақтарда бөлімшелерін ашып, ең жақсы деген жас дарынды ойыншылардың жолын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқарады. Академияның қызметі кеңейгені үшін қуаныштымын. Қазақстан футболын дамытып, балалар мен жасөспірімдер футболының әлеуетін арттыру жолында ынтымақтастық жалғаса бермек», - дейді Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық, әйелдер және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары