«Қайрат» пен «Ақтөбенің» Чемпиондар Лигасындағы жаңа қарсыластары анықталды

«Қайрат» пен «Ақтөбенің» Чемпиондар Лигасындағы жаңа қарсыластары анықталды

21 қаңтар 2021, 20:00
УЕФА штаб-пәтерінде футзалдан Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті.

Алматылық «Қайрат» бұл кезеңде Румынияның Галац қаласының «Юнайтед Галац» командасымен ойнайды.

«Ақтөбенің» қарсыласы Словенияның Добовец-при-Поникве елді-мекенінің «Добовец» командасы болып отыр.

Турнир ережесіне сәйкес, 1/8 финалдың тағдыры бір ойында шешіледі.

Қазақстандық қос команда да ойындарды өз алаңында қабылдайды.

Кездесулер 16 және 21 ақпан аралығына жоспарланған. Ойындардың нақты күні кейін белгілі болады.

Ширек финал, жартылай финал және финал көктемде бір локацияда өткізіледі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары